Жиі қойылатын сұрақтар: E-Visa қызметі

1. Қолданбаға кіріңіз.

2. Қазақстан Республикасының азаматтары/ұйымынан тіркелген шақыруыңыз бар екеніне көз жеткізіңіз.

3. «Виза/Визасыз режим ақпараты» бөліміне өтіңіз.

4. Электрондық визаны рәсімдеу мүмкіндігін тексеру үшін азаматтық елін және паспорт түрін таңдаңыз.

5. Егер eVisa рәсімдеу қолжетімді болса, өтінім беруге өтіңіз.

6. Паспортты қосыңыз: ол жарамды, зақымданбаған және кемінде 2 бос беті болуы тиіс.

7. Өтінім нысанын толтырып, шақыру нөмірі мен паспорт деректерін көрсетіңіз.

8. Консулдық алымды төлеңіз.

9. Нәтижені «Менің өтініштерім» бөлімінен алыңыз. Электрондық виза берілгеннен кейін оны жүктеп алыңыз.

10. Қазақстанға халықаралық әуежайлар арқылы паспорт және басып шығарылған E-Visa-мен кіріңіз.

Тексеріңіз:

• шақыру нөмірі дұрыс енгізілгенін;

• шақырудың Ішкі істер министрлігінде тіркелгенін;

• паспорт деректерінің сәйкес келуін;

• паспорттың жарамдылық мерзімі өтіп кетпегенін.

«Менің өтініштерім» бөліміне өтіңіз. Экранның жоғарғы бөлігінде «e-Visa» қойындысын таңдаңыз. Мұнда өтініміңізді және оның ағымдағы мәртебесін көресіз. Қажет болса, мәліметтерін көру үшін өтінімді ашыңыз. e-Visa дайын болғаннан кейін оны өтінімнен жүктеп ала аласыз.

Иә. ҚР аумағындағы қабылдаушы тарап ресімдеген қолданыстағы шақыру міндетті түрде талап етіледі.

Шақыруды Қазақстандағы қабылдаушы тарап рәсімдей алады:

• жеке немесе заңды тұлға,

• туристік компания, қонақ үй немесе шетел азаматтарын шақыруға құқығы бар басқа тұлға.

Тізбені ҚР мемлекеттік органдары айқындайды және ол өзгеруі мүмкін. Өзекті ақпарат:

• QazETA: «Виза/визасыз режим туралы ақпарат» бөлімі;

• Визалық-көші-қон порталы: vmp.gov.kz.

Визаны стандартты тәртіппен алу үшін ҚР дипломатиялық өкілдігіне (елшілік немесе консулдық) жүгіну қажет.

Егер транзит 72 сағаттан аспаса және жолаушы транзиттік аймақтан шықпаса — әдетте талап етілмейді. Рұқсат етілген мерзімнен ұзақ болған жағдайда виза немесе e-Visa рәсімдеу қажет.