Жиі қойылатын сұрақтар: ETA қызметі

ETA (Electronic Travel Authorization) — жекелеген мемлекеттердің шетел азаматтарына арналған сапарға электрондық рұқсат. Ол сапарға дейін (кемінде 72 сағат бұрын) рәсімделеді және ҚР мемлекеттік шекарасынан өтуге алдын ала рұқсат берілгенін растайды.

Файлдың талаптарға сай екеніне көз жеткізіңіз:

1. Формат: JPG немесе PDF.

2. Өлшемі: 5 МБ-тан аспауы керек.

Егер файл талаптарға сай болса да жүктелмесе, кейінірек қайталап көріңіз немесе техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Тек визасыз режим көзделген және QazETA арқылы өтінім беру мүмкіндігі қосылған мемлекеттердің азаматтары үшін. Өзекті тізім — QazETA қосымшасының виза/визасыз режим туралы ақпарат бөлімінде.

Жоқ. ETA мен виза құжаттары — кіруге арналған әртүрлі негіздер, олар бір мезгілде пайдаланылмайды.

Жоқ. 16 жасқа толмаған балалар ETA рәсімдеу қажеттілігінен босатылған.

Егер Қазақстан арқылы транзитпен өтіп, елге кіруді жоспарламасаңыз, ETA талап етілмейді.

Ал транзит кезінде шекаралық бақылаудан өтіп, Қазақстан аумағына нақты кіру қажет болса, ETA талаптары азаматтығыңыз бен кіру шарттарына байланысты болады.

Жоспарланған саяхатқа дейін кемінде 3 күнтізбелік күн (72 сағат) бұрын беру қажет.

• деректердің қате немесе толық болмауы;

• паспорт деректерінің сәйкес келмеуі;

• техникалық қателер;

• осы азаматтық үшін ETA алуға құқықтың болмауы;

• ҚР мемлекеттік органдары тарапынан шектеулер.

Қазақстанға кіру ережелері туралы ақпаратты «Виза / визасыз режим туралы ақпарат» бөлімінен білуге болады. Ол үшін еліңіз бен паспорт түрін көрсетіңіз — жүйе сізге қолжетімді қызметті (ETA немесе e-Visa) көрсетеді. Сондай-ақ ҚР Визалық-көші-қон порталында (vmp.gov.kz) қараңыз.

Растайтын құжаттар болған жағдайда Қазақстан Республикасына кіруге арналған электрондық рұқсат алудан мыналар босатылады:

1) шет мемлекеттердің, үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың басшылары және олардың отбасы мүшелері;

2) шет мемлекеттердің парламенттері, үкіметтері, халықаралық ұйымдардың мүшелері және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ ресми шетелдік делегациялардың мүшелері және оларды алып жүретін тұлғалар;

3) Қазақстан Республикасының құрметті консулдары және олардың отбасы мүшелері;

4) дипломатиялық паспорттардың, қызметтік паспорттардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдар паспорттарының иелері – дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі бар, шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінде, халықаралық ұйымдарда және (немесе) олардың өкілдіктерінде жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасына баратын тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің қызметкерлері;

5) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аккредиттеу куәлігі бар адамдар;

6) курьерлік парағы болған жағдайда дипломатиялық поштаны алып жүретін дипломатиялық курьерлер;

7) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Құрылтайы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдік азаматтар;

8) он алты жасқа толмаған адамдар;

9) алпыс бес және одан жоғары жасқа толған адамдар;

10) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтпей халықаралық әуежайлардың транзиттік аймағында болатын транзиттік жолаушылар;

11) Қазақстан Республикасының жарамды визасы бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;

12) Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсаты бар шетелдік азаматтар;

13) Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар шетелдік азаматтар;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқын деп танылған адамдар;

15) баспана іздеген тұлғалар;

16) бас декларацияда (ұшу тапсырмасында) жазба болған жағдайда әуе кемелері экипаждарының мүшелері;

17) кеме рөлінде немесе одан үзінді көшірмеде жазба болған жағдайда теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері;

18) әрбір рейске бекітілетін жасақтау парақтары бойынша пойыз, рефрижератор және локомотив бригадаларының мүшелері;

19) Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары беретін қызметтік, іссапар куәліктері (нұсқамалары) болған жағдайда үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері;

20) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, қызметтік, іссапар куәліктері (нұсқамалары) болған жағдайда сезіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды күзетіп алып жүруді жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

21) мемлекеттердің ресми мемлекеттік және үкіметтік делегацияларының мүшелері және оларды алып жүретін тұлғалар;

22) Қазақстан Республикасының аумағындағы трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін қызметкерлер, қызметтік куәліктері (ұйым басшылығы, жергілікті атқарушы орган куәландырған атаулы тізімдері) болған жағдайда;

23) Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларына мәжбүрлі (шұғыл) қонуды жүзеге асырған әуе кемелерінің жолаушылары;

24) Қазақстан Республикасының халықаралық порттарына мәжбүрлі (шұғыл) кіруді жүзеге асырған теңіз кемелерінің жолаушылары;

25) халықаралық келісімдерде көзделген жағдайда, іздестіру-құтқару операцияларына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдар;

26) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының шақыруы бойынша гуманитарлық миссияларға немесе төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысу үшін келген адамдар;

27) шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасына келетін медициналық көмек бригадасының құрамындағы медициналық ұйымдардың қызметкерлері;

28) халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүк көлік құралдарының жүргізушілері (тіркемесімен қоса жол берілетін жалпы салмағы 6 тоннадан асатын немесе тіркемесімен қоса жол берілетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан асатын), халықаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автобус жүргізушілері (жүргізуші орнын қоспағанда, 12-ден көп отыратын орны бар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүрген кезде;

29) жерлеу үшін қайтыс болғандардың мәйіттерін алып жүретін адамдар, оның ішінде транзитпен жүретіндер.