Жиі қойылатын сұрақтар: Шекарадан өту фактілері туралы анықтама

1) Құжатты қосымшаға қосыңыз.

2) «Қызметтер» → «Шекарадан өту фактілері туралы анықтама» бөліміне өтіңіз.

3) Құжатты таңдап, күндерді көрсетіңіз.

4) Өтінім беріп, өңделуін күтіңіз. Содан кейін PDF жүктеп алыңыз.

Күнді таңдау бойынша ұсыныс: сұрау жасаған кезде шекарадан өту күнін ±1 күн диапазонымен (нақты күннен бір күн бұрын және бір күн кейін) көрсетіңіз. Себебі деректер сыртқы мемлекеттік дереккөздерден келеді және тіркелу күні бойынша алшақтық болуы мүмкін. Мысалы, шекара 22 сәуірде кесілген болса — 21 сәуірден бастап ағымдағы күнге дейінгі кезеңді көрсетіңіз.

Анықтаманы рәсімдеу үшін мыналарды көрсету қажет:

1. Шекарадан өткен кезде пайдаланған құжат:

• егер тұруға ықтиярхат болса — шетелдік паспортты пайдаланыңыз;

• РФ азаматтары РФ ішкі паспортын пайдалана алады.

2. Анықтама қажет болатын кезең.

• уақытша техникалық қате;

• қызметке түсетін жүктеменің жоғары болуы;

• интернет байланысының тұрақсыздығы.

Кейінірек қайтадан көріңіз.

ҚР ресми Виза-миграциялық порталы арқылы (vmp.gov.kz).

• QazETA қосымшасы арқылы;

• eOtinish қызметі арқылы;

• ҚР ҰҚК Шекара қызметіне тікелей жүгіну арқылы.

«Өңделді» мәртебесі бар өтінімді ашыңыз — оның ішінде жүктеп алуға арналған PDF файл қолжетімді болады.

• интернет байланысын тексеріңіз;

• өтінішті қайта ашыңыз;

• қосымшаны жаңартыңыз;

• файлды кейінірек ашып көріңіз.

Мәселе шешілмесе — QazETA қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Анықтама кестесінде көрсетілетін деректер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

QazETA мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерге қолмен өзгеріс енгізбейді.

Паспорт деректерін нақтылау және түзету үшін eOtinish сервисі арқылы тікелей Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне жүгінуді ұсынамыз.

Бұл — мемлекеттік ақпараттық жүйелердің форматы. Егер деректер шекарадан өту кезінде пайдаланылған құжатқа сәйкес келсе, бұл қате болып саналмайды.

Анықтама ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде пайдаланылған шетелдік паспорттың деректері негізінде қалыптастырылады. Анықтаманы қалыптастыру кезінде ЖСН мен тұруға ықтиярхат деректері пайдаланылмайды.

ЖСН немесе тұруға ықтиярхат рәсімделген кезде дербес деректердің транслитерациясы белгіленген қағидаларға сәйкес түзетілуі мүмкін. Шетелдік паспортта деректер құжаттың өзіндегі деректерге сәйкес көрсетіледі.

Егер анықтамадағы және ЖСН/ықтиярхаттағы деректер дәл транслитерацияға байланысты ерекшеленсе, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне жүгініп, анықтаманы eOtinish сервисі арқылы алуды ұсынамыз.

Жоқ. Деректер мемлекеттік жүйелерден автоматты түрде қалыптастырылады, оларды өз бетінше өзгерту мүмкін емес.

• PDF файлының дұрыс жүктелгеніне көз жеткізіңіз.

• Деректердің сәйкестігін тексеріңіз.

• Қажет болса, анықтаманы eOtinish арқылы алыңыз.

• IMEI-KZ қолдау қызметіне хабарласыңыз: help@kz-imei.kz.